Меню KDT

logo.jpg?_=1686635275

Официальный сайт
КГУ "Специализированный IT лицей"


8 (7292) 43‒30‒95, 43‒08‒88

"Мамандандырылған IT лицей" КММ-нің 2023 жылдың қорытындысы

Құрметті әріптестер мен қызметкерлер, оқушылар мен ата-аналар!
Біз үшін 2023 жыл жетістіктері мен жеңістері мол жыл болды. 2022-2023ж.ж. оқу жылы айтулы оқиғалар мен шығармашылық табыстармен есте қалады.
Аталмыш оқу жылын қорытындылай келе, біздің Ақтау қаласындағы «Мамандандырылған ІТ лицей» КММ-нің ұйымшыл ұжымы республикадағы білім беруді дамыту мәселелерін шешуге қабілетті екенін тағы да дәлелдеді. ҚР білімді дамыту бойынша қойған міндеттері мен талаптарына сәйкес, жұмысымызда заманауи әдістерді қолдана отырып, бүгінгі күні жауапкершілік пен кәсібилікті қатар алып келе жатқан жайымыз бар.
Мен білім беру ұйымының басшысы ретінде, ата-ана ретінде де «Сапалы білім – білімді ұлт» ұлттық жобасын қарастыра отырып, жаңа сапалы білім беру ортасын құру міндетін қойып отыр.



Лицейде балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы сәтті жүзеге асырылуда, ғимараттың периметрі бойынша сыныптар мен дәліздерге турникеттер мен бейнекамералар орнатылды. Елбасының тапсырмасына сәйкес 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
Қазір ақпараттық технология заманы. Сол себепті мұғалімді ақпарат беруші ретінде толықтай қабылдай алмайды, сондықтан оның рөлі айтарлықтай өзгерді.
Лицейде білікті ұстаздар қызмет етеді: шебер-педагог – 2, педагог-зерттеуші – 29, сарапшы – 11, педагог-модератор – 26, магистр атағы бар 19 мұғалім. Мұғалімдер оқу пәндері, менеджмент және мектептегі көшбасшылық бойынша біліктілікті арттыру курстарын уақытылы қатысып отырады.
Мұғалімдеріміз инновациялық педагогикалық технологияларды және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға, жобаларға қатысады. Лицейде әдістемелік семинарлар, шеберлік сыныптары, коучинг сессиялары өткізіледі.
Лицейде ағылшын тілі мұғалімдерінен «English for success», қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Шабыт» клубы, «PIRLS» халықаралық зерттеуі бойынша бастауыш сынып мұғалімдері, PISA халықаралық зерттеуі бойынша мұғалімдер тобы, , информатика мұғалімдерінен «MobiGroup» шығармашылық топтары жұмыс істейді. Сонымен қоса магистранттардан құралғсан «Лицей көшбасшылары» тобында атап өткім келеді.
Мұғалімдер өз қызметі мен тәжірибелерін түрлі білім беру порталдарында, республикалық және халықаралық басылымдарында жариялайды. Ұстаздарымыз қалалық, облыстық олимпиадалар мен конкурстарда сараптау комиссиясы мен қазылар алқасының мүшелері болып табылады.
Мектебімізде жыл сайын пәндік әдістемелік апталықтар өткізіледі.
Жас мамандарды кәсіби бейімделуге жағдай жасап, қолдау көрсетіледі. Биыл лицейімізге 5 жыл толды.
«Алтын белгімен» - 28 оқушы, 40 оқушымыз орта мектепті үздік аяқтап, 44 оқушы негізгі мектепті үздік аяқтағанын мақтан етеміз.
«Алтын белгі» иегерлерінің арасында атақты қазақ шахматшысы, екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева да бар. Оның жеңістері оқушыларды шахмат үйірмесіне деген сүйіспеншіліктерін туғызды. Жас шахматшылар бірнеше жылдан бері түрлі деңгейдегі турнирлерде жүлделі орындарға ие болып келеді.
2023 жылы лицейді 87 оқушы аяқтап, оның 86-сы Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына және шетелге оқуға түсті. Оның 54-і ҚР грантына ие болды.
2023 жылы ІТ технологияларға байланысты мамандықты -28 оқушы, үш жылда 47 лицей оқушысы таңдады.
Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларының қорытындысы бойынша 2021-2023 оқу жылында лицей Республиканың үздік 100 мектебінің қатарына енді.
Біздің дарынды оқушыларымыз 2023 жылы олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жеңіске жетіп, лайықты жүлделі орындарға ие болды: халықаралық олимпиадалар мен жарыстарда – 19 оқушы, республикалық – 16 оқушы, облыстық – 21 оқушы, қалалық – 47 оқушы.
Оқушылардың бұл жетістіктері олардың ғылым әлеміне сапарының басы ғана. Біз олардың талантын, жігерін және зерттеуге деген құштарлығын мақтан тұтамыз. Лицей – болашақ дарындар мен өнертапқыштардың мекені, біз олардың әр қадамына қолдау көрсетуге дайынбыз.
Лицейде Маңғыстау облысындағы палеонтологиялық зерттеулерді көрсететін палеонтологиялық мұражай бар. Мария Жүнілбекованың ғылыми жобасын қорғау үшін жиналған барлық материалдар мұражай көрмесінің негізі болды.
Лицей оқушылары белсенді шығармашылық спортпен шұғылданады. Лицейде әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді: Домбыра, Шахмат, Дебат және т.б.
Лицей оқушылары түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар мен турнирлердің жеңімпаздары. Лицей оқушылары атаулы күндер мен мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларға қатысып, Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктерінің волонтерлері болып табылады.
«IT – Fest» – лицейіміздің басты белгісіне айналған бірегей шара. Бұл фестиваль аясында қайырымдылық шаралары өтеді.
Лицейдің білім беру жүйесінде оқушылардың дербестік, белсенділік, бастамашылдық, жауапкершілік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуға ерекше орын беріледі. Лицей президенті мен мектеп парламентінің министрлеріне сайлау жыл сайын өткізіледі.
«Оқу мектебі» жобасы аясында оқушылар оқыған кітаптарын талқылау үшін оқу клубын құрды.
Соңғы 5 жылда Білім күндері, Экологиялық десант, Өзін-өзі басқару күндері, лицей оқушыларына бастама көтеру, Денсаулық күні, т.б шаралар өтеді. Сонымен қоса, «Жыл оқушысы» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды.
2023 жылы «Мамандандырылған ІТ лицейі» КММ Елбасының «Әділетті мемлекет» атты Қазақстан халқына Жолдауының тұжырымдамасы аясында «Ашық және әділ мектеп» пилоттық жобасын іске қосты. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам».
Жобаның мақсаты – оқушының жеке тұлға ретінде дамуына , сыни ойлаумен заманауи білім беру үдерісін меңгеруге қолайлы жағдайлар жасау.
Лицейдің тағы бір ерекшелігі -Ашық есік күнін өткізу.
Лицейдің Қамқоршылық кеңесінің шешімімен ата-аналар жиналысы «Ашық есік күні» түрінде өткізіліп, ата-аналар мұғалімдермен жеке кездесіп, кеңес алып, баласының үлгерімін талқылап, оқу үлгерімін жақсарту бойынша нұсқау алады.
Жаңа 2024 жылы баршамызға кәсіби және шығармашылық қызметте жаңа табыстар әкелсін. Білім саласында қарыштау мен өркендеудің жолында еңбектеріңіз еленіп, еліміз көркейе берсін.

Жұмашева Ж.Б.


Пікір жоқ
178 қаралды
Авторы: b61mangystaubilim
Қосылды: 22.12.2023 в 16:02

Біздің команда