ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТЕДІ
ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТЕДІ
12 мамыр Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы қорғауға бағытталған оқу-жаттығу ұйымдастырылады.
Аталған оқу-жаттығуға мемлекеттік және жеке мектеп оқушылары, педагогтер мен мектеп қызметкерлері қатысады.
Іс-шара барысында «Білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» шеңберінде бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталып, қажет болған жағдайда оларды жетілдіруге негіз болады.
Айта кетерлігі, оқу-жаттығу тек қана профилактикалық мақсатты көздейді. Білім беру ұйымдарын терроризмнен қорғау, алдын алу үшін мұндай практикалық жаттығулар жан-жақты әрі тұрақты жүргізілуі қажет. Оқу-жаттығуды жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.
Министрлік балалардың қауіпсіздігін қашанда жіті назарға алып, мектептерде терроризмге қарсы қорғауды кешенді жүргізуге басымдық береді. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова атап өтті.
«Республика аумағын қамтитын оқу-жаттығу ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Іс-шара барысында бірқатар маңызды мәселе пысықталмақ. Атап айтқанда, мектеп ұжымына терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритмдер нұсқамасын беріп, тиісті деңгейде орындалуын қадағалау; Оқушыларға нұсқау беріп, қызметкерлер мен білім алушыларды жедел эвакуациялауды ұйымдастыру; Техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін және дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуін тексеру.