Меню KDT

logo.jpg?_=1686635275

Официальный сайт
КГУ "Специализированный IT лицей"


8 (7292) 43‒30‒95, 43‒08‒88

Наурызнама-2024

Мектебімізде Наурыз мерекесін атап өту игі іске айналған. «Наурызнама” онкүндігі аясында Наурыздың 19 -ы
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік іс-шарада мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің ұсынымымен жәрмеңке ұйымдастырылды, оқушыларымыз викториналық сұрақтарға жауап беріп, би билеп, әуезді ән шырқап, күмбірлете күй ойнады. Қазақтың ұлттық ойындарын ұлықтап, құндылықтарға қанықты. Іс - шарамыздың сәнді де, мәнді өтуіне ат салысқан сынып жетекшілерге, қолдау көрсеткен ата-аналарға, оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Босағамыздан аттаған Жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе әкелсін деп тілейміз! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, құт дарысын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
#біртұтас_тәрбие 
#наурызнама


                                                                                                                


Комментариев нет
55 просмотров
Автор: b61mangystaubilim
Добавлено: 26.03.2024 в 10:46

Наш коллектив